Басты бет

«Біз туралы»:

Қарағанды ГРЭС-1 Қазақстан Республикасында ең көне зауыт болып табылады. Құрылыс жобасы «ТеплоЭлектроПроект» деген Ленинград бөлімшесі жасады. КарГРЭС- 1 бір қазандық және бір турбинамен 1942 жылдың қазан айында пайдалануға берілді. Одан әрі құрылыс бес кезек бойынша жүзеге асырылды және 250 МВт орнатылған электр қуаты 1956 жылы аяқталды. 1996 жылға дейін КарГРЭС- 1 «Карагандаэнерго» аудандық әкімшілігінің бөлігі болды. 2005 жылдың желтоқсанында КарГРЭС-1 «Гефест» көмір өнеркәсібі қауымдастығына қосылды.
Негізгі қызметі – Теміртау қаласындағы кәсіпорындары үшін электро қайратын өндіру және қаланың ескі бөлігін жылыту үшін жылу қайратын өндіру.
Қазіргі уақытта станцияның орнатылған қуаты 84 МВт. Қолданыстағы негізгі жабдықтардың құрамына сағатына 230 тонна бу қуатымен 3 котлоагрегат және 42 МВт қуатымен 2 турбогенератор еңгізілген.
Электростанция аралас режимде жұмыс істейді, электр энергиясын және жылу энергиясын турбинадан алып шығарылады.
Сату бағдарламасы Теміртау қаласының ескі бөлігін жылумен қамтамасыз етуге, электр энергияны – Теміртау қаласының өнеркәсіптік тұтынушыларына, біріншіден «АрселорМиттал Теміртау» АҚ сатуға бағытталған.
Жылу энергиясын өндіруі бойынша кәсіпорын табиғи монополия субъектісі болып табылады.
Еңбек ұжымында 390 адам жұмыс істейді.